1 жастағы баланың мәзірі: дұрыс әдеттерді дамытамыз

8365 көріністер
07/09/2025

Сәби өмірінің алғашқы жылы артта қалды, ал алдымызда әлі қаншама толқынысты жаңалықтар тұр! Соның ішінде гастрономиялық жаңалықтар. ФрутоНяня балалар тағамының сарапшыларымен бірге 1 жастағы баланың мәзірін әзірлеп, сәбиге қандай тағамдарды ұсынуға болатынын және болмайтынын анықтаймыз.

Чем кормить ребенка в 1 год

1 жасар баланы немен тамақтандыруға болады: рацион

1 жасар баланың тамағы құрамы жағынан саналуан және теңгерімделген болуы тиіс. Оған өнімдердің барлық негізгі топтарының кіргені маңызды.

  • Дәндер бала үшін құнды әрі саналуан тағам көзі болып табылады. 
Маманның пікірі
Мачнева Елена Борисовна

Сәбиге таныс консистенциясы біркелкі моно және полиқұрамдасты ботқалардан бөлек, рационды түрлендіру үшін тілімдер қосылған ботқаны енгізуге болады.

Нұсқалардың бірі банан, жүгері үлпектері мен құлпынай тілімдері қосылған ФрутоНяня сүтті мультидәнді ботқасыболып табылады. Бұл тек дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы да: ботқа пребиотиктермен, дәрумендермен және минералдармен байытылған, бұл баланың сау өсіп-жетілуіне септігін тигізеді. Одан бөлек, ФрутоНяня ботқасы шайнау дағдыларының қалыптасуына жәрдемдеседі, бұл қатты тағамды енгізген кезеңде маңызды.

  • Ашымалы сүт және сүт өнімдері. Сәбидің рационын түрлендіру үшін оларды саналуан түрде, соның ішінде басқа тағамдардың құрамында (сүтті ботқа, сүт құрамдасы қосылған езбе, көмештер және т.б.) ұсынуға болады.
  • Ет және сорпалық өнімдер. Бір тәулікте сәби жеке ерекшеліктеріне қарай етті түрлі тағамдардың құрамында 100 г-ға дейін жей алады. Бұл мәселен, көкөніс қосылған балапан еті, сорпалық өнімдер қосылған микстер, езбе сорпалар (мәселен, асқабақ, картоп және сәбіз қосылған көкөніс крем сорпасы), тефтели, булама котлеттер және т. т. болуы мүмкін.
  • Жемістер, жидектер мен көкөністер 1 жасар баланың мәзірінде міндетті түрде болуы тиіс. Оған қоса күнделікті!
Қандай жемістер болуы тиіс?

12 айлығында рационда өзімізге үйреншікті алма, алмұрт, қара өрік, банан мен өрік, сондай-ақ өте экзотикалық жемістер – шабдалы, киви, манго, апельсин, тіптен маракуйя болуы мүмкін.

Сәби рационын жаңа дәмдермен кеңейтуге қорықпаңыз — мәселен, ФрутоНяня «Алма, манго, йогурт» жеміс езбесінің дәмінтатып көріңіз! Тек есіңізде болсын, жаңа өнімдер жаңа мәзірді маманмен алдын ала келісе отырып, шай қасықтан бастан енгізеді. Бұл, айтпақшы, көкөністерге де қатысты. 12 айдан кейін сәби олардың кейбірінің дәмін езбе, сорпалар және жылумен өңделген гарнирлер түрінде және балғын күйінде татып көре алады.

Как составить меню ребенка в 1 год

  • Сусындар. Алма, банан, шие, таңқурай, құлпынай, қарақат, мүкжидек, алмұрт… Мұнымен біз бәрін тізбелеп болған жоқпыз! Баланың жасына сәйкес келетін түрлі жемістерден, көкөністер мен жидектерден жасалған ФрутоНяня балалар шырындарын, балшырындарын, нәрсулар мен морстарын сәбиге батыл ұсыныңыз. Олар ағзаны қуат қорымен қамтамасыз етіп, тамақтануға пайдалы қосымша болады.
Маңызды

Сусындардың балалар суын алмастырмайтынын есте сақтаған маңызды! Ол сәби рационында міндетті түрде дербес күйде болуы тиіс. Ең дұрысы оны тамақтану арасында ұсыну керек.

  • Балықты күніне 2-3 мәрте, аптасына 200 г-ға жуық беруге болады.
  • Жұмыртқа. Сәбиге енді сарыуыз бен ақуыз беруге болады! Көптеген жағдайларда аптасына 2-3 тауық (не 4-6 бөдене) жұмыртқасы жеткілікті. Оларды тек бітеу пісіруге де, омлет пен суфле түрінде ұсынуға не оларды басқа балалар тағамына қосуға да болады.
  • Май. 12 айлық баланың тамақтану нормасына сай бір тәуліктегі сары майдың көлемі —10-20 г-ға жуық. Өсімдік майының тәуліктік орташа көлемі 10-15 мл-ды құрайды. Бірақ, мұның әрі, әлбетте, жеке түрде.

1 жасар балаға әуелдегісінше нені жеуге беруге болмайды

1 жасар сәбидің мәзірі көптеген өнімдерді қамтиды, алайда оларды дұрыс дайындаған маңызды: балаларға әлі де қуырылған, қақталған, маринадталған және алауда дайындалған тағамдар беруге болмайды. Сондай-ақ:

  • саңырауқұлақ;
  • фастфуд;
  • ащы тұздықтар мен дәмдеуіштер;
  • шұжықтар мен ересектер сосискалары;
  • уылдырық;
  • ересектер шырындары мен газдалған сусындар;
  • құрамында жасанды тағам қоспалары бар өнімдер (хош иістендіргіштер, жасанды түрде алынған бояуыштар);
  • ересектер тәттілері (соның ішінде торттар мен бәліштер) тыйым салынған.

Разнообразный рацион годовалого ребенка

1 жасар баланың тамақтану режимі мен рационы

Бір жасар бала күніне қанша рет тамақ жеуі керек? 1 жасар баланың тамақтану режимі әуелдегісінше бес не алты мәрте болып қалады. Негізгі үш мәрте тамақтанудан (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) бөлек, сәбиді екі-үш мәрте әлдену (екінші таңғы ас, бесіндік, ұйықтар алдында әлдену) күтеді. Тамақтану арасындағы үзіліс сәбидің қарны ашып үлгеруі үшін 2,5-3 сағатқа жуық уақытты құрауы тиіс.

Бір жасар балаға тәулігіне ұсынылатын тағамның көлемі шамамен 1000-1200 мл-ді құрайды. Бұл ретте сыбағаның мөлшері әдетте бір ретте 200-ден 350 г-ға дейін өзгереді. Ол тамақтану санына (ол аз болған сайын, сыбаға көбірек) және күннің мезгіліне байланысты: әдетте, түскі аста сәбилер мәселен, таңертең бірінші тамақтандырғанға не бесіндікке қарағанда көбірек жейді.

Емшекпен емізу сақталған кезде не аралас тамақтандырғанда баланы тәулігіне бірнеше мәрте емізуге болады. Сәби емшекті тек ашығу сезімінен ғана емес, сондай-ақ тыныштану, демалу не анасының жанында болуы үшін сұрауы мүмкін. Ана сүті — ананың нағыз ғажайыбы! Жасанды тамақтанудағы балалар кешке тамақтанған кезде маман ұсынған сүт қоспасын ішуі мүмкін.

1 жасар және одан асқан баланың мәзірін дайындау туралы ұсынымдар

Тілімдерді сәбиге ұсыну ғана емес, беру де керек! Олар мәселен, алма, жүгері үлпектері мен таңқурай тілімдері қосылған ФрутоНяня сүтті мультидәнді ботқасы мен ФрутоНяня «Балапан, картоп, сәбіз» етті-өсімдік езбесінде (9 айдан бастап болады) бар.

1 жастағы сәбидің мәзірін дайындағанда тағы нені ескерген маңызды?

  • Маманмен келісілген бір жасқа дейінгі қосымша тамақтандыруды енгізудің жеке кестесі мен бір жасқа толғаннан кейін режим мен рацион туралы ұсынымды сақтаңыз. 
  • Егер сәби қандай да бір тағамнан бас тартса, тықпаламаңыз. Оны, мәселен, беру пішінін өзгертіп біраз уақыттан кейін қайта ұсыныңыз.
  • Сәбиді шамадан артық тамақтандырмаңыз!
  • Оған жасына сәйкес келмейтін ересектер тағамын беріп, алданбаңыз.
  • Тамақтану арасындағы үзілістерде «үзбелемеңіз». Сәбидің ашығу сезімімен «танысуы» мен оған көңіл аударуды үйренгені маңызды.
  • Баланың талғамын ескеріңіз. Оның да кейбір тағамдарды ұнатуға құқығы бар!
  • Бала тағамы бар ашылған құтыларды тоңазытқышта тығындалған күйінде және егер қаптамадағы өнімнің бір бөлігі таза ас үй жабдығымен алынған, сіз тәрелкені қойып, баланы құтының тура өзінен тамақтандырмаған жағдайда ғана бір тәуліктен аспайтын мерзімде сақтауға болатынын есте сақтаңыз.
  • Ақырында, әралуандылық туралы ұсынымдарды сақтауға және рационды теңгерімделген етіп жасауға тырысыңыз. Таңғы аста дәнді не сүтті тағам болды ма? Онда кешкі астың жақсы нұсқасы көкөніс болады.

Тамақтану мәдениетін де дамытыңыз — сәбиді қасықты дұрыс ұстауға, ыдыстан ішуге, тамақтың үзімдерін мұқият алуға үйретіңіз. Баланың өз ыдысы мен үстелдің басында не бала орындығында белгіленген орны болуы керек. Одан бөлек, тамақтанудан мультфильммен немесе тағы басқа нәрсемен алаңдатпаған жөн.

Как организовать питание ребенка в год

1 жастағы баланың бір аптаға арналған мәзірінің үлгісі

ФрутоНяня бала тағамының сарапшылары бір жасар баланың аптаның әр күніндегі рационы бар кестені әзірледі.

Маңызды

Мамандар неліктен өнеркәсіпте өндірілген бала тағамын ұсынады? Оның қауіпсіз болуынан бөлек, химиялық құрамы, микробиологиялық көрсеткіштері жағынан теңгерімделген, әр жас кезеңіне қажетті белгілі бір ұсақталу дәрежесі бар. Мұндай тағам өндірістің барлық кезеңдерінде мұқият бақылаудан өтеді және ананың уақытын үнемдейді. Ата-аналар мен мамандардың шикізаттың сапасы мен пайдалы заттардың теңгеріміне алаңдамауына болады. Ал бірқатар балалар тағамына пайдаланылатын стерилді вакуумды қаптама тағамды микробтардан қорғайды.

Дүйсенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Сүтсіз жүгері ботқасы (180 г дайын күйінде)
  • ФрутоНяня тропикалық микс + мультидән езбесі (30 г)
  • Мультижеміс шырыны (100 мл)

Түскі ас

  • Асқабақ, картоп және сәбіз қосылған ФрутоНяня сорпасы (120 г)
  • Балалар вермишелі (80 г) қосылған ет суфлесі (50 г)
  • Шие мен таңқурайдан жасалған нәрсу (100 мл)

Бесіндік

  • Алма қосылған биолакт (120 мл)
  • Кілегей қосылған алма мен алмұрттан жасалған езбе (100 г)
  • Дәнді-жемісті батон ФрутоНяня алма-шабдалы-таңқурай (25 г)

Кешкі ас

  • Кәді мен картоптан жасалған ФрутоНяня езбесі (110 г)
  • Тауық етінен жасалған булама котлет (70 г)
  • Мүкжидектен, қаражидектен және шиеден жасалған морс (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • Балалар сүт қоспасы / балалар сүті немесе ана сүті (200 мл)
Сейсенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Алма, таңқурай мен қаражидек қосылған сүтті-сұлы йогуртты ботқа (200 г)
  • «Шарлотка» езбесі (30 г)
  • Алма мен қара өрік мәйегінен жасалған балшырын (100 мл)

Түскі ас

  • Брокколи, түсті қырыққабат пен сәбіз қосылған ФрутоНяня сорпасы (120 г)
  • Қайнатылған күріш (80 г) қосылған ет тефтелилері (50 г)
  • Тікелей сығылған алма шырыны (100 мл)

Бесіндік

  • Сұлы печеньесі (20 г)
  • Жемістер (100 г)

Кешкі ас

  • Картоп езбесі (150 г)
  • Күркетауық етінен жасалған булама котлет (70 г)
  • ФрутоНяня балалар суы (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • Етті-күрішті ФрутоНяня «Ұйықтар алдында» сұйық ботқасы (200 мл)
Сәрсенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Омлет (80 г)
  • Алма, құлпынай, банан мен пребиотик қосылған күріш қытырлақ наны (15 г)
  • Сүт коктейлі Таңқурай (120 мл)

Түскі ас

  • ФрутоНяня қарақұмық езбе сорпасы (120 г)
  • Балық суфлесі (50 г)
  • Сары май (5 г) қосылған көкөніс рагуы (80 г)
  • Алмадан жасалған гипоаллергенді мөлдірлетілген «ФрутоНяня» шырыны (100 мл)

Бесіндік

  • Орман жидектері қосылған биолакт (120 мл)
  • Алма мен құлпынай қосылған жүгері таяқшалары (15 г)
  • Кілегей қосылған алма мен таңқурайдан жасалған езбе (100 г)

Кешкі ас

  • Күркетауық еті қосылған булгур ФрутоНяня езбесі (190 г)
  • Өсімдік майы қосылған балғын қияр (30 г)
  • Мейіз бен кепкен өрік сығындысы қосылған алма нәрсуы (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • Алма қосылған «Ұйықтар алдында» ФрутоНяня сүт-қарақұмық сұйық ботқасы (200 мл)
Бейсенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Банан, жүгері үлпектері мен құлпынай тілімдері қосылған ФрутоНяня мультидәнді сүт ботқасы (180 г дайын күйінде)
  • «Жемістерден жасалған салат» езбесі (30 г)
  • Алма мен шиеден жасалған шырын (100 мл)

Түскі ас

  • Балапан еті қосылған ФрутоНяня көкөніс сорпасы (120 г)
  • Қайнатылған күріш (80 г) қосылған балық суфлесі (50 г)
  • Алма мен құлпынайдан жасалған нәрсу (100 мл)

Бесіндік

  • Алмадан, құлпынай мен таңқурайдан жасалған десерт (100 г)

Кешкі ас

  • Брокколи мен кәдіден жасалған ФрутоНяня езбесі (110 г)
  • Балапан етінен жасалған езбе (80 г)
  • Түймедақ пен жөке сығындысы қосылған алма сусыны (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • «Ұйықтар алдында» сүт-дәнді ФрутоНяня сұйық ботқасы (200 мл)
Жұмаға арналған мәзір

Таңғы ас

  • Қара қарақат пен шие қосылған мультидәнді сүт ботқасы (180 г дайын күйінде)
  • Алма, манго мен йогурт қосылған езбе (30 г)
  • Бананнан, алмадан, шие мен таңқурайдан жасалған балшырын (100 мл)

Түскі ас

  • Асқабақ, картоп пен сәбіз қосылған ФрутоНяня сорпасы (120 г)
  • Қайнатылған күріш (80 г) қосылған ет суфлесі (50 г)
  • ФрутоНяня балалар суы (100 мл)

Бесіндік

  • Қара өрік пен дәндер қосылған биолакт (120 мл)
  • Манго мен банан қосылған биосүзбе (50 г)
  • «Дәруменді салат» езбесі (90 г)

Кешкі ас

  • Картоп езбесі (150 г)
  • Күркетауық етінен жасалған булама котлет (70 г)
  • Шабдалы мен маракуйядан жасалған кисель (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • Балалар сүт қоспасы / балалар сүті не ана сүті (200 мл)
Сенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Омлет (80 г)
  • Алма мен шабдалы қосылған күріш қытырлақ наны (15 г)
  • Сүтті шоколадты коктейль (120 мл)

Түскі ас

  • Брокколи, түсті қырыққабат пен сәбіз қосылған ФрутоНяня сорпасы (120 г)
  • Сары май (5 г), қайнатылған күріш (80 г) қосылған ет тефтелилері (50 г)
  • Мүкжидек пен таңқурайдан жасалған ФрутоНяня морсы (100 мл)

Бесіндік

  • Таңқурай қосылған ішетін йогурт (120 мл)
  • Бидай печеньесі (15 г)
  • Кілегей (100 г) қосылған алма мен шабдалыдан жасалған ФрутоНяня езбесі

Кешкі ас

  • Балалар вермишелі (120 г)
  • Ет булама котлеті (70 г) 
  • Өсімдік майы (30 г) қосылған балғын қияр мен қызанақ
  • Мейіз бен кепкен өрік сығындысы қосылған алма нәрсуы (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • Шабдалы қосылған «Ұйықтар алдында» сүтті-дәнді ФрутоНяня сұйық ботқасы (200 мл)
Жексенбіге арналған мәзір

Таңғы ас

  • Алма, жүгері үлпектері мен таңқурай тілімдері қосылған ФрутоНяня мультидәнді сүт ботқасы (180 г дайын күйінде)
  • «Қарақат қосылған салатик» езбесі (30 г)
  • Алма мен шабдалыдан жасалған шырын (100 мл)

Түскі ас

  • ФрутоНяня қарақұмық езбе сорпасы (120 г)
  • Картоп езбесі (80 г) қосылған ет суфлесі (50 г)
  • Шие мен таңқурайдан жасалған нәрсу (100 мл)

Бесіндік

  • Қант қосылмаған биолакт (120 мл)
  • Кілегейлі (90 г) алма мен өріктен жасалған езбе 
  • Алма-таңқурай жеміс сегізаяғы (16 г)

Кешкі ас

  • «Балапан еті, картоп, сәбіз» ФрутоНяня езбесі (150 г)
  • Тауық етінен жасалған булама котлет(70 г)
  • Алма мен шабдалыдан жасалған мөлдірлетілмеген «ФрутоНяня» шырыны (100 мл)

Ұйықтар алдында

  • «Ұйықтар алдында» ФрутоНяня сүт-бидай сұйық ботқасы (200 мл)

Әлбетте, бұл тек жуықтама мәзір. Оны қалайда маманның қатысуымен өз қалауыңызға және өзіңіздің 1 жасар балаңыздың денсаулығының жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеп алыңыз.

* Құрамында табиғи қанттар бар.

Мазмұны
Оқу уақыты: ~ 9 мин