«Сиыр еті, күріш, көкөніс» тілімі қосылған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 190 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре с кусочками «Говядина, рис, овощи»
«Сиыр еті, күріш, көкөніс» тілімі қосылған «ФрутоНяня» езбесі — бұл 9 айдан асқан бала үшін түскі не кешкі аста толық құнды тағам. Етті-өсімдік езбесі сүйікті көкөністер мен еттің үйлесімімен сәбидің рационын түрлендіруге жәрдемдеседі. Құрамындағы шағын тілімдер баланың шайнау дағдысының дамуына септігін тигізеді. Табиғи шикізаттан (сәбіз, кәді, сиыр еті, күріш, түйнекті пияз) болған құрам сәбиіңіздің қалыпты өсуі мен дамуы үшін темірмен қосымша байытылған.
  • 9m
  • icon
  • icon

Құрама:

Су, сәбіз, кәді, сиыр еті, күріш ұны, күріш, түйінді пияз, күнбағыс майы, йодталған тұз, темір (III) пирофосфаты.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

9 айдан асқан балалардың қосымша тағамына арналған. Күніне 1 мәрте 0,5 шай қасықтан бастап, сыбағаны жас нормасына дейін біртіндеп ұлғайтыңыз. Жылытыңыз, араластырыңыз, температурасын тексеріңіз. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Пластикалық қасықты пайдаланыңыз. Езбенің қалдығын 24 сағаттан аспайтын мерзімге тоңазытқышта жабық құтыда сақтау керек.

Сақтау шарттары:

2°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер