Көкөніс қосып, балапаннан жасалған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 100 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре из цыпленка с овощами
Көкөніс қосып, балапаннан жасалған «ФрутоНяня» езбесі — бұл 8 айдан асқан баланың толық құнды тағамы. Сәбиіңізді энергиямен және керемет көңіл күймен қуаттау үшін етті-өсімдік езбесін оған түскі не кешкі ас ретінде ұсыныңыз. Құрамына ақуызбен, дәрумендермен және минералды заттармен байытылған тек табиғи құрамдастар ғана кіреді: балапан еті, таңдаулы көкөністер — сәбіз бен картоп. Сондықтан еттен және көкөністен жасалған «ФрутоНяня» езбесі сондай дәмді, пайдалы әрі сіздің сәбиіңізге ұнайтыны анық.
  • 8m
  • icon
  • icon

Құрама:

Балапан еті, күріш жармасы, сәбіз, картоп, өсімдік майы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Балаларға 8 айлықтан бастап 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 150 г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Пайдалану алдында ботқаның қажетті мөлшерін тамақтандыратын температураға дейін сулы жылытқышпен немесе қысқа толқынды пеште ысытып, араластырыңыз. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Ысытылған езбені келесі тамақтандыруда пайдаланбаңыз!

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер