Қоян етінен, күріш пен брокколиден жасалған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 100 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре из кролика, риса и брокколи
Қоян етінен, күріш пен брокколиден жасалған «ФрутоНяня» езбесі сәбиіңіз үшін толық құнды түскі не кешкі ас болады. Өнім 8 айдан асқан баланың рационын түрлендіруге жәрдемдесіп, оны сүйікті көкөністер мен ет дәмдерінің үйлесімімен таныстырады. Құрамына тұз бен ГТО қосылмаған тек табиғи құрамдастар ғана кіреді: қоян еті, брокколи қырыққабаты мен күріш жармасы. Еттен және көкөністен жасалған «ФрутоНяня» езбесі сондай дәмді әрі тойымды, сондықтан тіптен кішкентай дәм талғампаздарының өзіне ұнайды және оны энергиямен және керемет көңіл күймен қуаттайды.
  • 8m
  • icon
  • icon

Құрама:

Брокколи қырыққабаты, қоян еті, күріш жармасы, өсімдік майы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Балаларға 8 айлықтан бастап 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 150г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Пайдалану алдында ботқаның қажетті мөлшерін тамақтандыратын температураға дейін сулы жылытқышпен немесе қысқа толқынды пеште ысытып, араластырыңыз. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Ысытылған езбені келесі тамақтандыруда пайдаланбаңыз!

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер