Көкөніс қосып, бұзау етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 100 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре из телятины с овощами
Көкөніс қосып, бұзау етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі 8 айдан асқан баланың рационын түрлендіруге жәрдемдеседі. Езбенің құрамына тұз қосылмаған тек табиғи құрамдастар ғана кіреді: бұзау еті, асқабақ, сәбіз, картоп. «ФрутоНяня» етті-өсімдік езбесі— сәбиіңіздің толық құнды өсуі мен дамуына арналған ақуыз бен нәрлі заттардың көзі. Өнім толық құнды ас ішу, мәселен, тойымды әрі пайдалы түскі ас ретінде жарайды, ол сәбиді энергиямен және тамаша көңіл күймен қуаттауға жәрдемдеседі.
  • 8m
  • icon
  • icon

Құрама:

Бұзау еті, асқабақ езбесі, сәбіз езбесі, картоп, күріш жармасы, өсімдік майы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Балаларға 6 айлықтан бастап 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 150 г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Пайдалану алдында ботқаның қажетті мөлшерін тамақтандыратын температураға дейін сулы жылытқышпен немесе қысқа толқынды пеште ысытып, араластырыңыз. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Ысытылған езбені келесі тамақтандыруда пайдаланбаңыз!

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер