Көкөніс қосып, сиыр етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 100 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре из говядины с овощами
Көкөніс қосып, сиыр етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі 8 айдан асқан баланың рационын түрлендіруге жәрдемдесіп, оны сүйікті көкөністері мен еттің дәмдерінің мінсіз үйлесімімен таныстырады. Езбенің құрамына тұз бен ГТО қосылмаған тек табиғи құрамдастар: сиыр еті, ақ қауданды қырыққабат, сәбіз, картоп. Өнім сәбиді энергиямен және керемет көңіл күймен ұзаққа қуаттауға жәрдемдесетін кенеулі ас ішу – мәселен, тойымды әрі пайдалы түскі ас ретінде жарайды.
  • 8m
  • icon
  • icon

Құрама:

Сиыр еті, картоп, сәбіз, күріш жармасы, ақ қауданды қырықққабат, өсімдік майы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Балаларға 8 айлықтан бастап 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 150 г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Пайдалану алдында ботқаның қажетті мөлшерін тамақтандыратын температураға дейін сулы жылытқышпен немесе қысқа толқынды пеште ысытып, араластырыңыз. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Ысытылған езбені келесі тамақтандыруда пайдаланбаңыз!

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер