Алмұрт пен банан қосылған йогуртты «ФрутоНяня» сұйық ботқасы

Пакет көлемі: 200 мл   ⋅  

«ФрутоНяня» жидкая кашка йогуртная из злаков с грушей и бананом
«ФрутоНяняның» алмұрт пен банан қосылып, 5 дәннен жасалған йогуртты ботқасы— 6 айдан асқан балалардың дәмді әрі пайдалы таңғы асының мінсіз үлгісі. Тойымды ботқа баланы айналадағы әлемді зерттеу үшін энергиямен ұзаққа қуаттауға жәрдемдеседі. Оның құрамына қант қосылмаған піскен жемістерден жасалған табиғи езбе, пайдалы дәндер мен табиғи нәзік йогурт кіреді. Өнім жайлы ас қорыту үшін инулин пребиотигімен қосымша байытылған.
  • 6m
  • icon
  • withoutSugar
  • icon
  • icon

Құрама:

Қаймағы алынбаған құрғақ сүт, банан езбесі, мальтодекстрин, күріш ұны, майсыздандырылған құрғақ сүт, инулин пребиотигі, жүгері ұны, бидай ұны, сұлы ұны, қарақұмық ұны, құлпынай езбесі, «Алмұрт» табиғи хош иістендіргіші, «Банан» табиғи хош иістендіргіші, су. *Инулин пребиотигі ас қорытуды жақсартады

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Өнім пайдалануға дайын. Пайдалану алдында шайқаңыз. Балаларға 6 айлықтан бастап күніне 2 рет 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 80-100г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Тамақтандырар алдында ботқаның қажетті мөлшерін таза ыдысқа құйып, қажет болса, тамақтандыру температурасына (36-37 °С) дейін жылытып, жақсылап араластыру керек. Емізік арқылы бөтелкемен, қасықпен немесе тостағанмен тамақтандыруға болады. Ашылған қаптама сақтауға жатпайды. Өнімді пайдалану кезінде баланы қараусыз қалдырмаңыз, өйткені түтікшеден өнім ағып кетуі мүмкін. Түтікшені өніммен бірінші қолданғаннан кейін 30 минут ішінде тағайындауы бойынша пайдалану қажет.

Сақтау шарттары:

0-ден +25° С-ге дейінгі температурада және ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында 8 айға дейін сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Ашылған қаптама сақтауға жатпайды.

Дүкендер