Қара өрік қосылған «ФрутоНяня» құрғақ сүтті қарақұмық ботқасы

Пакет көлемі: 200 г   ⋅  

«ФрутоНяня» каша сухая молочная гречневая с черносливом
Қара өрік қосылған «ФрутоНяня» құрғақ сүтті қарақұмық ботқасы 4 айдан асқан балалардың алғашқы қосымша тағамына тамаша жарайды. Қарақұмық дегеніңіз ерте жастағы сәбилердің рационын мінсіз толықтыратын гипоаллергенді өнім. «ФрутоНяня» қарақұмық ботқасы өте дәмді әрі пайдалы, оның табиғи құрамында бояуыштар, консерванттар мен ГТО жоқ. Ол сәбиіңіз сау әрі жігерлі болып өсуі үшін дәрумендер мен минералды заттардың тұтастай кешенімен, сондай-ақ ас қорытуды жақсартатын пребиотикпен қосымша байытылған.
  • 4m
  • icon
  • icon

Құрама:

Қарақұмық ұны, қант, майсыздандырылған құрғақ сүт, жүгері майы, қоюлатылған қара өрік езбесі, инулин пребиотигі, дәрумендер (С, Е, РР, пантотен қышқылы, В2, В1,В6, А, фолий қышқылы, D3, биотин, В12), минералды заттар (темір, мырыш, йод).

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Өнімді пайдалану туралы ұсынымдар мен жас шектеулерін қаптамадан қараңыз. Маманның кеңесі керек.

Сақтау шарттары:

Ашылмаған қаптаманы +25°С-тан аспайтын температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын тікелей күн сәулесінен қорғалған құрғақ салқын жерде сақтау керек. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 20 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет. Жарамдылық мерзімі - дайындалған күннен бастап 12 ай. Дайындалған күнін қаптаманың түбінен қараңыз.

Дүкендер