Пакет көлемі: 120 г ⋅
Бидай ұны, қант, сары май, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, бидай крахмалы, жұмыртқа өнімдері, мия сығындысы, қопсытқыш: аммоний гидрокарбонаты , «Ванилин» хош иістендіргіші, дәрумендер (С, РР, В5, В6, В1, В2), минералды заттар (кальций, фосфор, темір, мырыш).
6 айлықтан бастап балалардың пайдалануына болады. 6 айлықтан бастап печеньені жылытқан сүтке немесе балалардың сүтті қоспасына ерітіп беру керек (100 мл сүтке 3-4 печенье), әбден араластырып, қасықпен немесе бөтелкемен көректендіру керек. Үлкен жастағы балалар үшін жылы сүтке, суға немесе шырынға ерітіп беруге болады. Негізгі тамаққа қосымша ретінде алдын ала ерітпей пайдалануға болады. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Өнімді пайдаланған уақытта баланы жалғыз калдырмаңыз. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 20 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.
Ашылмаған қаптаманы 12 айдан аспайтын мерзімде тікелей күн сәулелерінен қорғалған құрғақ салқын жерде 0 °С-ден + 25 °С-ге дейінгі температурада және 75 %-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында сақтаған жөн. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 20 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.