«ФрутоНяня» мультидәнді печеньесі

Пакет көлемі: 50 г   ⋅  

«ФрутоНяня» печенье мультизлаковое
«ФрутоНяня» балалар печеньесі - бұл сәбилер үшін арнайы жасалған дәмді тағам. Төрт геометриялық пішін түріндегі печенье сәбидің түрлі пішіндермен алғаш танысуына тамаша жарайды, ал дәрумендер мен минералдар бармақтай зерттеушінің үйлесімді дамуына жәрдемдеседі.
  • 6m
  • icon
  • icon
  • icon
  • icon

Құрама:

Бидай ұны, қант, сары май, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, бидай крахмалы, жұмыртқа өнімдері, мия сығындысы, күріш ұны, жүгері ұны, сұлы ұны, қопсытқыш: аммоний гидрокарбонаты, «Ванилин» хош иістендіргіші, дәрумендер (С, РР, В5, В6, В1, В2), минералды заттар (кальций, фосфор, темір, мырыш).

Қолдану бойынша ұсыныстар:

6 айлықтан бастап балалардың пайдалануына болады. 6 айлықтан бастап печеньені жылытқан сүтке немесе балалардың сүтті қоспасына ерітіп беру керек (100 мл сүтке 3-4 печенье), әбден араластырып, қасықпен немесе бөтелкемен көректендіру керек. Үлкен жастағы балалар үшін жылы сүтке, суға немесе шырынға ерітіп беруге болады. Негізгі тамаққа қосымша ретінде алдын ала ерітпей пайдалануға болады. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Өнімді пайдаланған уақытта баланы жалғыз калдырмаңыз. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 20 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.

Сақтау шарттары:

Ашылмаған қаптаманы 0 °С-тан +25 °С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын тікелей күн сәулесінен қорғалған құрғақ салқын жерде сақтау керек. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 20 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.

Дүкендер