Күркетауық етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі

Пакет көлемі: 80 г   ⋅  

«ФрутоНяня» пюре из мяса индейки
Күркетауық етінен жасалған «ФрутоНяня» езбесі — сәбидің жаңа дәмдермен таныстырудың тамаша тәсілі. Бұл дәмді және пайдалы өнім консервантсыз, хош иістендіргішсіз, бояуышсыз және тіптен тұзсыз таза құрам. Мұндай балалар тағамы алғашқы етті қосымша тағам үшін мінсіз жарайды, ал күркетауық етінің құрамындағы табиғи ақуыздар мен таптырмайтын амин қышқылдары сәбидің белсенді және сау болып өсуіне септігін тигізетін болады.
  • 6m
  • icon
  • icon
  • hypoallergenic
  • icon

Құрама:

Күркетауық еті, күріш ұны, өсімдік майы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Күркетауық етінен жасалған езбе балаларға 6 айлықтан бастап 1/2 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, 12 айлықта күніне 60-70г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Пайдалану алдында ботқаның қажетті мөлшерін тамақтандыратын температураға дейін сулы жылытқышпен немесе қысқа толқынды пеште ысытып, араластырыңыз. Ысытылған езбені келесі тамақтандыруда пайдаланбаңыз!

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін құтыны тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек. Назар аударыңыз! Тасымалдау барысында қаптаманың бітеулігі зақымдануы мүмкін. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз.

Дүкендер