Алмадан, банан мен құлпынайдан жасалған «ФрутоНяня» десерті

Пакет көлемі: 90 г   ⋅  

«ФрутоНяня» десерт из яблок, бананов и клубники
Алмадан, банан мен құлпынайдан жасалған «ФрутоНяня» сүтті десерті 12 айдан асқан балалардың сүйікті тағамына айналады. Өнім С дәруменімен байытылған, бұл бала иммунитетінің нығаюына қосымша септігін тигізеді. Сәбиді дәмді де пайдалы тағаммен еркелету үшін себеп керек пе, тәйірі? Баланың нәзік жеміс-сүтті десертпен әркез рақаттанып, энергиямен және ғажап көңіл күймен шабыттануы үшін 90 г ыңғайлы жұмсақ қаптама серуенге не сапарға өзіңмен бірге алып жүруге болады!
  • 12m
  • icon
  • icon

Құрама:

Алмадан жасалған езбе, бананнан жасалған езбе, қант, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, құлпынайдан жасалған езбе, құлпынайдан жасалған қоюлатылған шырын, жүгері крахмалы, тұрақтандырғыш — пектин, қоюлатқыш — ксантанды шайыр, аскорбин қышқылы — С дәрумені, қышқылдықты реттегіш — лимон қышқылы, ауыз су.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Балаларға 12 айлықтан бастап күніне 1 шай қасықтан, біртіндеп ұлғайта отырып, күніне 100 г-ға дейін беруге кеңес беріледі. Өнім пайдалануға дайын. Микротолқынды пеште ысытуға болмайды. Баланы тамақтандырар алдында өнімнің дәмін татып көріңіз. Пайдалану кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Ашқаннан кейін қаптаманы тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек.

Сақтау шарттары:

0°С-тан + 25°С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан аспайтын шартта сақтау керек. Ашқаннан кейін қаптаманы тоңазытқышта бір тәуліктен асырмай сақтау керек. Күн сәулесінен сақтау керек.

Дүкендер