Алма мен қаражидек қосылған «ФрутоНяня» жүгері таяқшалары

Пакет көлемі: 20 г   ⋅  

«ФрутоНяня» кукурузные палочки с яблоком и черникой
12 айдан асқан өз сәбиіңізге дәмді әрі пайдалы тағам — алма мен қаражидек қосылған «ФрутоНяня» жүгері таяқшаларын ұсыныңыз. Балалар жүгері таяқшаларының құрамында қант жоқ. Оларға тәттілікті алма мен қаражидектің табиғи шырындары береді. Құрамындағы нәрлі дәндер баланы қосымша энергиямен қуаттауға жәрдемдеседі. Таяқшалардың көлемі балаларға сәйкес келеді әрі ұсақ моториканың дамуына қосымша жәрдемеседі. Сәби кез келген уақытта әлденіп алуы мен энергиямен қуаттануы үшін жүгері таяқшаларын өзіңмен бірге жолға не серуенге алып жүрген ыңғайлы.
  • 12m
  • icon
  • icon
  • icon
  • withoutSugar
  • icon

Құрама:

Жүгері ұны, қоюлатылған алма шырыны, қоюлатылған қаражидек шырыны, аронийдің қоюлатылған шырыны, табиғи хош иістендіргіш. Қант қосылмаған. Құрамында табиғи қанттар бар. Өнімде глютен қалдықтары болуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар:

Өнім пайдалануға дайын. 12 айдан асқан балаларға күніне 10 г көлемінде ұсынылады. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 5 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.

Сақтау шарттары:

Ашылмаған қаптаманы 0 °С-тан +25 °С-қа дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын тікелей күн сәулесінен қорғалған құрғақ салқын жерде сақтау керек. Ашық қаптаманы құрғақ салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 5 тәуліктен асырмай сақтау керек. Әрбір қолданғаннан кейін қаптаманы мұқият жабу қажет.

Дүкендер