Егер бала тамақтан бас тартса немесе өзіне ұсынған тағамның елеулі бөлігін жемесе, не істеуге болады? Тағам тәртібінің бұзылуы қалай байқалады және бұл қандай жағдайда ата-аналарды алаңдатуы тиіс? Баланың тәбетін қалай көтеруге және аз жейтін баланы қалай тамақтандыруға болады? Толығырақ талдайық.
Түрлі жастағы балалардың тәбетінің төмендеуінің не толық жоғалуының бірқатар себептері болады. Емшектегі сәбилерде тәбет көбінесе физикалық жайсыздықтардың түрлі көріністері негізінде жоғалады. Одан ересек балаларда тамақтан толық не ішінара бас тарту тек нашар көңіл күйге ғана емес, психикалық әлеуметтік факторлармен: күйзеліспен, дамудағы секірістерге, жағдайдың өзгеруіне, зияткерлік жүктеменің артуына байланысты болуы мүмкін.
Егер ата-аналар кішкентай баланың тамақты неліктен нашар жейтінін анықтағысы келсе, олардың оның ағзасында қандай да бір жайсыз физиологиялық процестердің болып жатқанын бағалағаны жөн. Олар:
Дәл осылар баланың тәбетіне тікелей әсер етуі, тамақтан бас тартуына не болмаса кірпияздықтың жоғары деңгейіне және тағамдардың белгіленген топтарын жегісі келмеуге ұрындыруы мүмкін.
Кез келген күйзелісті жағдай да баланың тәбетінің нашарлауына ұрындыруы мүмкін. Тәбеттің және тағам тәртібінің бұзылуының дәрежесі мен ұзақтығы күйзелістің әсер ету күшіне және сәбидің жүйке жүйесінің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Бала өмірінде күйзелісті жағдайлар көп болуы мүмкін:
Егер ата-аналар баланың мүлдем тамақ жемейтінін немесе тағамдардың белгілі бір түрлерінен бас тартатынын байқаса, оның рационы мен тамақтану режимін бағалауы қажет. Бұл үшін апта немесе ай бойына (жасына қарай) тағам күнделігін жүргізуге болады, содан кейін дәрігерден, мәселен бала дәрігерінен жоспарлы тексеру кезінде баланың тағам тәртібі жас нормаларына сәйкес келетін-келмейтіні туралы консультация алуы керек.
Бала өз жасына сай тамақты онша аз жемейтіні, ал тәбетінің өзгеруі ағзадағы алмасу процестерінің қалыпты өзгерістерімен байланысты екені анықталуы ықтимал. Егер де тәбеттің өзгеруі сәбидің қажеттіктеріне сәйкес келмесе, оның себептерін анықтау қажет.
Нәрестенің тағамнан бас тартуы ата-аналарды алаңдатуы тиіс, өйткені бұл әркез дерлік баланың ағзасында қандай да бір жайсыздықтың барын білдіреді:
Мектепалды жастағы балалар да ағзадағы жағымсыз физиологиялық процестерге байланысты тамақтан бас тартуы мүмкін. Бірақ мектепалды жастағы баланың тәбеті басқа, психологиялық сипаттағы себептерге байланысты да болмайтын жағдайлар ықтимал.
Мәселен, осы жаста балаларға неофобия — барлық жаңа нәрседен қорқу тән болуы мүмкін. Бұл жағдайда бала жаңа тағамдарды немее тіптен құрамында бейтаныс құрамдасы бар үйреншікті тағамдарды жеуден бас тартады. Кейбір балалардға тән тамақтануда саралылық та тәбетке әсер етеді және рационды өте шектейді.
Тамақтан бас тарту кейде ересектерді тамақтануға тым көп көңіл бөлуімен және тамақтануды жазалауға не болмаса ойын-сауыққа айналдырып, баланы тамақ жеуге мәжбүрлеуімен байланысты болады. Мұндай жағдайларда тамақ жеуді қаламау сәбидің жағымсыз қобалжудан арылудың, немесе керісінше жағымды эмоцияларды көбірек алуға тырысудың тәсіліне айналады.
Мектеп жасындағы балалардың тағам тәртібі жоғарыда тізбеленген процестердің бәріне байланысты болуы мүмкін, — алайда бұл кезеңде ол көбінесе әлеуметтік факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін. Бала өз құрдастарының тағам тәртібіне қарай бастайды, әлеуметтік желілердегі трендтерге, роликтерге және жарнамаға назар аударады, сәнге ергісі немесе керісінше, әдеттегі ортадан ерекшеленгісі келеді.
Жеткіншек жастағы бала тамақ жегісі келмеген немесе жалпы тамақтану тәсілдерінен жырақтай бастаған жағдайларда, оның психологиялық амандығын бағалаған өте маңызды. Балада өзіне сенімсіздік белгілері бар ма, оның өмірі оқу аясында күйзелістер мен шектен тыс жүктемелер бар ма? Бұл жағдаларда тек бала дәрігерінен ғана емес, бала психологынан да консультация алған дұрыс.
Тамақтан жалғыз-жарым бас тартқан немесе тәбеті қысқа уақытқа төмендеген жағдайда алаңдамаған жөн. Дұрысы, бұл уақытша, баланы күшпен тамақ жеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ — оның әрі қарайғы жағдайын жай бақылаған жеткілікті. Тамақтан жүйелі түрде және/немесе баланың тәбеті ұзақ уақыт төмендеген кезде алаңдаған жөн.
Егер бала жеткілікті ұзақ уақыт ештеңе жемесе, шындығында бір нәрсе жасауды бастау керек. Әрі бірінші кезекте мұндай қылықтың себебін анықтау керек. Егер бұл қандай да бір нақты фактор (ауру, күйзеліс немесе жоғарыда тізбеленген себептердің кез келгені) болса, онда тәбетті, абзалы, осы фактор жойылғанда қалпына келтіруге болады.
Дені сау, бірақ тамақтануға өте саралы және талғампаз аз жейтін балалармен жағдай басқаша — бұл олардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне немесе олардың тамақтану режимі мен рационының әуелден дұрыс қалыптастауына байланысты. «Мұндай баланың тәбетін қалай жақсартуға болады?» деген сұрақтың жауабы бірнеше тәсілдерді ұштастыруда.
Баланың тәбеті қайтсе жақсарады деп алаңдай жүргенде, бастысы, проблеманы әсірелемеу және тамақтану тәсіліне тым көп мән бермеу керек. Тыныштық пен оптимистік көңіл-күй жәрдемдеседі. Баланың рационын өте баяу кеңейту керек, ешбір жағдайда оны үйренген тамағынан айырмай, әлдебір жаңа тамақтың дәмін күшпен мәжбүрлеп татқызбау керек.
Жаңа тағамның аздаған бөлігін тарелкеге асықпай салып, ұсыныңыз, бірақ егер сәби қайтадан бас тартса, ұрыспаңыз. Азырақ күтіп, жаңа дәмді қайта ұсыныңыз. Бұл ретте жағымды көрініс қалыптастырға маңызды: жаңа тағамды өзіңіз рақаттана жеп, тағамдар туралы хикаяларды айтып, ойыншық ас үйде тамақты бірге «дайындау» керек.
Сіздің міндетіңіздің – баланы барынша көп көлемде тамақтандыру емес, ол үшін өнімдердің негізгі барлық топтарын қамитын саналуан рацион қалыптастыру екенін түйсінгеніңіз маңызды. Тіптен рационның көлемі жасына қарай тиісті болғаннан аз болса да, бастысы, баланың өсуі мен жетілуі үшін барлық қажетті нәрлі заттарды алғаны және психологиялық тұрғыда әралуан тағамға үйренгені маңызды.
Қате дәмдік артықшылықтар мен тағам тәртібінің бұзылуы көбінесе бала дамуының ерте кезеңдерінде қалыптасады. Егер рацион теңгерімделмесе, қосымша тамақтану өнімдерін енгізу абыл-сабыл және негізгі қағидадарды сақтамай жүргізілсе, ата-аналардың кейіннен бала тамақ жемейді және онымен бірдеңе жасау керек деп алаңдау ықтималдылығы жоғары болады.
Балалардың тағам әдеттерінің қалыптасуына отбасының күнделікті өмір салты мен ересектер беретін өнегенің де ықпалы зор болады. Өмірінің алғашқы жылдарында, сәби бөлек тамақтанып жүргенде, бұл өте байқалмайды. Бірақ бала есейген сайын, дегенмен егер отбасының ересек мүшелері мұны істемесе, баланың дұрыс тамақтанатыны анық.
Сондықтан балаға тамақтану мәдениетінің негіздерін ерте жастан бастап орнықтырған: дұрыс рацион мен тамақтану режимін қалыптастырған, ортақ үстелдің басына бірге отырған, өз тағам тәртібімен және әдеттерімен үлгі болған жөн.
Жиі қойылатын сұрақтар:
Бір жастан асқан балалардың тамақтану режимі, әдетте, бес рет тамақтанудан құралады: үшеуі негізгі және екеуі әлдену. Егер бала бір тамақтануды өткізіп алса немесе әлденуден бас тартса, бұл қалыпты жағдай болуы мүмкін. Егер тамақтан бас тарту жүйелі сипат алса немесе бала күні бойына төтеннен тамақ жемесе, себептерін анықтау үшін оны дәрігерге көрсеткен дұрыс.
Ата-аналар немесе ересек туыстар көбінесе өз сұранысын дәл осылай қалыптастырады: баланы тамақ жеуге қалай мәжбүрлейміз? Баланы тамақты мәжбүрлі түрде ішіп-жегізудің керек емес екенін есте сақтаңыз! Бұл тек проблеманың ушығуына әкеп соғады, сонымен бірге тамақтанудың бұзылуы мен келешекте тағам тәртібінің бұзылыстарының дамуына ұрындыруы мүмкін.
Жай баланың жасына сәйкес келетін теңгерімделген рационыды қалыптастырып, тамақтануға жайлы жағдайлар туғызу керек. Баланың тамақтан бас тартуының күрделі себептерін жіберіп алмау үшін бала дәрігерінен консультация алуды да ұсынамыз.
Иә, қосымша тағамды тым ерте немесе, керісінше кеш енгізу, сәбиді тамақтандырудың абыл-сабыл режимі, рационның дұрыс емес құрамы баланың тағам тәртібі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Өйтпеген жөн — бұл тамақтанудың өздігінен құнды болмай қалуына әкеп соғуы мүмкін. Егер баланың назары экранға немесе ойыншықтарға ауса, ол тағамға күнделікті маңызды рәсім ретінде қарауға үйренбейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі